Ферамен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ферамен (б.з.б. 455 – 404 ж. ш.) – Ежелгі Грекиядағы саяси қайраткер. Афинадағы құл иеленушілік демократияны құлатып, олигарх. үкіметтің немесе “400 адам кеңесінің” билігін орнатқан б.з.б. 411 жылғы төңкерісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Төңкерісте ұстамды олигархтар тобын басқарды. Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) тоқтатып, Спартамен бітім жасамақ болған олигархтарға қарсы шықты. Фераменнің ұсынысы бойынша халық жиналысы “400 адам кеңесін” таратып, өкімет билігін Афина азаматтарының халық жиналысына беруге шешім қабылдады. Ферамен “Отыз қатыгездің” үкіметін құру жөнінде бастама көтерген адамның бірі болды, оның құрамына кірді, бірақ Критийдің лаңкестік саясатына қарсы шыққаны үшін өлім жазасына кесілді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}