Феохромоцитома

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Феохромоцитома — онкологиялық ауру, бүйрек безі милы қабығының адреналин (норадреналин) түзетін жасушаларынан тұратын гормон өндіретін ісік. Гипотензивті терапияға резистентті қатерлі артериялық гипертензияның дамуымен ғана сипатталуы мүмкін.

Синдромдары

Сонымен қатар науқастарда келесі синдромдар байқалады:

  • Нейропсихикалық синдром (бас ауыруы, парестезиялар);
  • Нейровегетативті синдром (тері бөлінуінің бұзылуы, дірілдеп тоңу);
  • Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы синдромы (жүрек айнуы, құсу, құрсақта ауырсыну сезіну);
  • Кардиальды синдром (ентігу, жүрек жиі соғуы);
  • Эндокриндік-зат алмасуы синдромы (қант диабеті, жыныс мүшелерінің қызметі бұзылуы).

Феохромацитомада феохромацитомалық криздер байқалуы мүмкін:

  • Қатты бас ауыруы;
  • Көз қырағылығы төмендеуі;
  • Жиі зәр бөлінуі;
  • Жалпы мазасыздану, тремор, тершеңдік;
  • Артериальдық қан қысымының қатты көтерілуі (систолдық - 200-300 мм сын. бағ.- дейін; диастолдық – 180 мм сын. бағ.-дейін);
  • Жүрек ырғағы бұзылуы.<ref>Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы.Алматы"Кітап"баспасы.2005ж.568бет.</ref>

Лабораторлық-аспаптық диагностика

Лабораторлық-аспаптық диагностика – ұстама кезінде ғана айқын нәтиже көрсетеді: ЖҚА – лейкоцитоз, лимфоцитоз, эритроцитоз, ЭТЖ жоғарылауы ЖЗА – глюкозурия, протеинурия; ҚБА – гипергликемия, НЭМҚ деңгейі жоғарылауы, катехоламиндер мен олардың метаболиттерінің деңгейі жоғарылауы; УДЗ және КТ бүйрекүсті безінің ісік тәріздес түйінін анықтайды. Бүйрекүсті безінің метилйодбензилгуанидинмен сцинтиграфиясы күмән келтірмейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер