Феод

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Феод, Лен — орта ғасырлық Германиядағы әскери немесе әкімшілік қызмет атқарғаны үшін адамға берілетін жер иелігі.

XII ғасырдан лен мұраға, ең алдымен, феодал табынан шыққандарға берілді. Вассалдар өздерінің сеньорларынан жерге ие болатын. Алайда, жерді сыйлаған сеньорлардың да вассалдарының жерін билеуге құқығы болатын. Сондықтан сол кездегі көптеген жер иеліктерінің қожайындары 2-3 адамнан тұрды. Лен барысында Германияда феодалдық жер иеленудің иерархиялық жүйесі біржолата қалыптасты. Тарихи әдебиеттерде басқа елдердегі феодалдық меншіктің осыған ұқсас формаларын да «лен» деп атайды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер