Фаузия Шәмшиқызы Оразбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фаузия Шәмшиқызы Оразбаева (3. 5. 1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Талапкер ауылы) — тіл білімі маманы, педагогика ғылымы докторы (1996). ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1971).

  • 1971- 1972 ж. республикалық медициналық училищенің комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1972- 1976 ж. ҚазМУ-да жалпы тіл білімі кафедрасының аспиранты.
  • 1976-1977 ж. N 57-мектептің мұғалімі.
  • 1977-1989 ж. Алматы шет тілдер педагогикалық институтының доценті.
  • 1989-1991 ж. ҚазМУ-да жалпы тіл білімі кафедрасының доценті.
  • 1991-1993 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік істер женіндегі проректоры. Қазір осында филология факультетінің деканы. "Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер" деген тақырыпта кандидаттық (1979), "Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік мақала мен 5 кітаптың авторы.

Шығармалары:

  • Синонимика имени прилагательного в современном казахском языке. АКД., А., 1979;
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер. КДА., а., 1988;
  • Қазақ әдебиетінің материалдары бойынша қазақ тілі салаларына арналған методикалык жұмыс А., 1992;
  • Қазақ тілін тез үйрену сабағы. А., 1995;
  • Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1995;
  • Тілдік коммуникацияның негіздері. А., 1995;
  • Тілдік қатынаспен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. ДДА., А., 1996.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}