Фатима Құсайынқызы Дәненова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәненова Фатима Құсайынқызы (1918-2003), партия, кеңес қызметкері. Петропавл темір жол техникумын (1938), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1955). Қарағандыда еңбек жолын 1938 жылы Қарағанды көмір темір жол стансасында бастайды. Қалалық, облыстық комсомол комитетінін нұсқаушысы, обком хатшысы болады.

1943 жылдан облатком төрағасының орынбасары, Қазақстан КП Қарағанды обкомының нұсқаушысы, әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, 1957-1960 жылдар хатшысы, 1961-1973 жылдар Қарағаңды қалкомының хатшысы. Кейін білім, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер кәсіподағы обкомының төрайымы қызметін атқарды. Дәненова соғыс жылдары Чистяково (Донецк облысы қазіргі Торез) қаласында Қарағанды балалар үйін ұйымдастырады. 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қарағанды каласының құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}