Фарида Жанұзақова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фарида Жанұзақова - 1935 жылы Семей қаласында туған. 1957 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің орыс журналистикасы бөлімін бітіреді.

Шығармашылығы

«Ленинская смена» газетінде, 1967 жылдан «Жазушы» баспасында істеген. Очерктері, проблемалық мақалалары, сынрецензиялары «Өмірбаян жаңа басталды» (1957) деген жинақта жарық көрді.

М.Гумеровтың «Әкемнің әкесі» (1968) атты әңгімелер жинағы «Балаларға базарлық» атты ұжымдық жинақты (1969), Ә.Әбішевтің «Белгісіз батыр» пвесасвін (1970), Б.Тілегеновтың «Көктем де ызғарлы» (1972), К.Исаевтың «Соңғы тәулік» (1973) романдарын, Б.Тоғысбаевтың «Ар» (1975), М.Дүйсеновтің «Гүлжан» (1969) повестерін және Қ.Байсейітовтың «Құштар көңіл» (1983) атты өмірбаяндық повесін орыс тілше аударған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}