Фард

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фард (көпше мағынада Фуруд; «міндеттілік»; баламасы - уаджиб) - мінез-құлық пен іс-әрекеттердің діни уағыздардағы мөлшері мен Құдай жолындағы абыройлы қылықтардың сақталуын белгілейді. Фард төмендегідей екі түрге бөлінеді: біріншісі - Фард әл-айы - негізгі, бұл барлық адамдарға да міндетті, ешкімге де ерекшелік етпейді; екіншісі - Фард әл-кифайа, кейбір дәлелді жағдайларға байланысты орындалмауы кешірімді. Ал Фардты орындамаған адамдар өздерінің абыройына нұқсан келтіреді. Кейбір мазһабтар Фардқа алдын-ала жасалатын ескертулер жазылады, олар көбінесе Құранға негізделіп, хадистерден алынады да, Пайғамбарлық суннасы деп аталынады. Осылардың барлығында бір мағынада «міндетті» - деген ұғым туады. Осы ұғымдардың жан-жақты қаралуы аш-Шайбани (VIII ғ.) ілімінде жіті көрсетіліп, соңғы уақыттағы зерттеулерде Фардты не тарылтып, не кеңейтіп мазһабпен ерекше байланыстыра отырып қарады. Сонымен бірге өмірдегі нақтылы жағдайлар да ескерілді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub