Файзолла Әбсәлемов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Файзолла Әбсәлемов (23.11.1911, Ырғыз ауданы - 1.07.1993, Алматы), кинооператор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан<ref name="Дайрабаев Т. 0"> Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.</ref>. Шежіре: Файзолла-Әбдісалам-Төремұрат-Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей<ref name="Дайрабаев Т. 0"/>


ВГИК-тің операторлық факультетін бітірген (1948).

Кинодағы алғашқы қадамын деректі фильмдер түсіруден бастады. Республика өмірі туралы апта сайын экранға уздіксіз шығып тұрған «Советтік Қазақстан» Киножурналында М. Әуезовке байланысты түсірілген кадрлардың орны бөлек. Мысалы, 1957 жылғы 39-санында (режиссері X. Дәулетбаев) ұлы жазушының 60 жылдық мерейтойының Мәскеуде тойлану кешінен көріністер берілген. Осы журналдың 1960 жылғы 45-санында жазушының оқырмандарға қолтаңба беріп жатқан сөті, ал 1961 жылғы 19-санында үнді жазушысы Р. Тагордың 100 жылдық тойында М. Әуезовтің сөйлеп тұрған кезі бейнеленген.

Сондай-ақ Әбсәлемов «Абай әні» көркем фильмінің (сценарийін М. Әуезов жазған) бас операторы болды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub