Фагот

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фагот (итал. fagotto, дәлме-дәл — буын, түйін) — үрлемелі музыкалық аспап. Сыртқы пошымы қосақтастырылып байланыстырылған бір буда отын ағаш тәрізді. Ол ағаштан, кейде пластмассадан да жасалады. Ұзын 1350 мм-ге жуық; дыбыс шығаратын клапандары мен үрлейтін тілшесі бар, дыбысы жұмсақ, кейде виолончельдің үніне ұқсайды. Фаготтың алғашқы түрі 16 ғасырда Италияда каноншы А. Альбонези ойлап тапты. 16 ғасырда Фаготтың үш түрі (тенорлық, альттық пен дисканттық) қолданылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 17 ғасырдың ортасында Францияда өмірге келген 3 ойықты Фагот 1800 жылға қарай жетілдіріліп, 6 ойықты болып жасалды. Фагот аспабын жетілдіруде, әсіресе, неміс өнертапқыштары көп еңбектенді; соның нәтижесінде И.А. Геккель жасаған Фагот қазіргі кезге дейін дүние жүзі елдері орындаушылары тарапынан жоғары бағаланады. 17 ғасырдың аяғынан бастап Фагот тұрақты түрде симфониялық оркестрде (2, кейде 3 — 4 Фаготқа дейін) кеңінен пайдаланылды. Дыбыс көлемі контроктаваның си бемоль нотасынан екінші октаваның фа нотасына дейін. Фаготтың кеңінен қолданылатын түрі — контрафагот. Фагот камералық, эстрадалық, симфониялық оркестрде, үрлемелі аспаптар оркестрі (мысалы, Қазақтың мемлекеттік симфониялық және үрлемелі аспаптар оркестрлері) мен әр түрлі ансамбльдерде қолданылады, сондай-ақ жеке (соло) де ойналады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Үлгі:Listen

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}