Уәсила Кенжәліқызы Садықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәсила Кенжәліқызы Садықова (19.9.1931 жылы туған, Семей қаласы) - педагог, өнертану кандидаты (1973), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). 1953 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген соң, орта мектепте мүғалім қызметін атқарды. 1956 - 60 жылы Қазақстан Мөдениет министрлігінде аға инспектор, 1961 - 70 жылдары Қазақстан КП ОК-інің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, 1971 - 77 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің орынбасары, 1977 - 87 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап сауда істері жөніндегі комитетті төрағасының орынбасары, 1987-92 жылдары Қазақстан Орталық мүражайында музыка мәдениеті бөлімінің меңгерушісі болып, т.б. жауапты қызметтер атқарды. 1987 жылдан одақтық дәрежедегі зейнеткер. КСРО Баспа ісінің үздігі (1981). Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1969), Құрмет грамотасымен және "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}