Уәли қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәли қорымыАтырау облысының Сайөтпес темир жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км жерде орналасқан сағанатамдар мен гөрханалар шоғыры.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Уәли қорымы 19 – 20 ғасырларда ірге тепкен: ауданы 2,5 га, құрамына 328 ескерткіш кіреді. Кең аумақты қорымның ішіндегі аса сәулетті тұрғызылған озық үлгісінде жақсы сақталған 5 ірі, қирап бұзылған 3 сағанатам, күмбезді 2 гөрхана жатады. Бұлардың ішінен қорымның дәл ортасына орналасқан 207- және 231-нөмірлі сағанатам халық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылады. Біріншісін тұрғызған сәулетші Жолыбай Қосымбайұлы. Көне ескерткіштер қорымның оңтүстік-батыс бөлігін қамтыған, олар қойтастар мен дөңгелек, шаршы, төртбұрышты және сопақша келген, көлемдері әр алуан табиғи әктастан қаланған қоршаулардан тұрады. Шығыс жағын сондай-ақ кескіндері антропоморфтық мүсіндерді еске түсіретін, өңделмеген тас пен бунақты тас тақта түріндегі құлпытастары бар қоршаулар алып жатыр. Солардың ішінен цилиндр пішінді бас киімі бар адам бейнесі салынған тас тақта ерекше көзге түседі. Уәли қорымының оңтүстік шетінде бір бөлмелі жер асты мешіті орын тепкен ашық алаңқайлар бар. Олардың құрылымы жерлеу рәсімі мен діни салт-жораларға арналғандығын байқатады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}