Учжулю

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Учжулю (туған жылы белгісіз – біздің заманымыздың 13 ) – ғұн тәңірқұты (б.з. 8 – 13). Б.з. 8 ж. Қытай императоры тағына отырған Ван Ман ғұн тәңірқұтын шекарадағы бағынышты князь дәрежесіне түсіруді ойластырады. Ол үшін оның мөрін төменгі дәрежелі мөрмен ауыстыруды қолға алады. Б.з. 9 ж. Қытай елшісі тәңірқұтқа келіп, патша әулетінің ауысқанын, сол себепті ескі мөр алынып, орнына жаңасы берілетінін білдірді. Алғаш мөрді ауыстырғанмен артынан мөрдің төм. дәрежедегілерге берілетінін білген У. Ван Манның билігін мойындаудан бас тартып, Қытайға қарсы әрекетке кірісті. Осылайша ғұндар іс жүзінде Қытайдан бөлініп кетті. Ван Ман ғұндар арасына алауыздық тудыру үшін Улэй Хянь деген князді тәңірқұт деп жариялап, У-ге қарсы жіберді. Бірақ Хянь У. тәңірқұтқа қосылып кетті. Ғұн әскерлері 80 жыл бойы соғыс көрмеген шекарадағы аудандарды бір жылда қаңыратып кетті. Үздіксіз шабуылдар жасаған ғұндар Қытайдың шекара аудандарына шабуыл жасауды жалғастыра берді. Ван Ман әскер шығармақ әрекетін жүзеге асыра алмады. Сөйтіп, У. ғұндардың қытайлардан тәуелсіздік алуына қол жеткізді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}