Усанов Михаил Ильич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Усанов Михаил Ильич (16.6.1894, Украина, Житомир қ. – 15.6.1981, Алматы қ.) – химия ғылымының докторы (1938), профессор (1930). Қазақстан ҒА-ның академигі (1962). Қазақ КСР-інің (1967) және Өзбек КСР-інің (1943) еңбек сiңірген ғылыми қайраткерi. Киев университетiн бiтiрген (1917). Украина ғылым академиясының лабораториясында ғылыми қызметкер (1918–20), Киев қаласындағы Химия-фармацевтика зауытында басшылық қызметте, сонымен қатар Политехникалық институтында оқытушы (1920–29) болды. Томск университетiнде (1930–34), Орта Азия университетiнде (1935–43, Ташкент қ.)[[Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында лаборатория меңгерушісі (1944–49), аға ғылыми қызметкер (1949–61), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1944–81, қазіргі ҚазҰУ), декан (1946–48) және лаборатория меңгерушісі (1964–81) қызметтерін атқарған. 1938 ж. оған диссертация қорғамай-ақ химия ғылымының докторы дәрежесі берілді. Негiзгi ғылыми еңбектерi ерiтiндiлер теориясына арналған. Ол ерітінділердің сандық теориясын (1932) қорытты, аномальды электр өткізгіштік кездейсоқ құбылыс емес, заңдылық екенін дәлелдеді; қышқылдар мен негіздердің жалпы теориясын қорытып, химиялық реакция құрамы жағынан тепе-теңдік концентрациясына тәуелді болған жағдайда ғана идеалды ерітінділер заңына бағынатынын анықтады; сонымен бірге ерітінділердің қасиеттері (тығыздығы, тұтқырлығы) олардың құрамына байланысты екенін химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеді. Усанов «Қышқылдар мен негiздердiң Усанович теориясының» (1938) және 300-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен (1945, 1961, 1974), медальдармен марапатталған. Шығармалары.: Исследования в области теории растворов и теории кислот и оснований, А.-А., 1970. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Усанов Михаил Ильич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}