Универсам ғимараты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Универсам" ғимараты 1979 жылы Алматы қаласында салынды. Жобаның авторлары: археолог М.Қабылбаев, Ш.Уәлиханов. Ғимарат қазіргі архитектуралық үлгісімен тұрғызылған. Жалпы ауданы 6 мың м2, оның ішінде сауда залы 2920 м2. Дүкеннің архитектуралық кұрылымы жинақы; 1-және 2-қабатында сауда залдары, 3-қабатында тұрмыстық бөлмелері орналасқан. Шаршыланып келген ғимараттың астыңғы 2 кабаты тіреу бағаналар тізбегімен көтеріліп, үстіне еңселі дөдеге іспетті шығыңқы қабат орнаған."Универсам" ғимараты кұрастырмалы темір-бетон конструкцияларынан тұрғызылған. Ғимараттың қасбетін әрлеуге гранит, мәрмәр, ұлутас қолданылып, қазақтың ұлттық өрнегі іспетті әсем шілтерлі күнқағармен безендірген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}