Умиров Сағат Умирұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Умиров Сағат Умирұлы – Кітап фабрикасының жолмен теру машиналарының жөндеушісі. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Ұлы Отан соғысында Ленинградты қорғауға қатысқан. Ұлы Отан соғысының I дәрежелі орденімен, басқа да медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін №2 қалалық баспаханада, кейін «Кітап» фабрикасында еңбек етті. Жоғары білікті жөндеуші, ондаған жолмен теру машиналарының терушілерін тәрбиеледі.

Социалистік Еңбек Ері, «Шебер – Алтын қол» атағы берілген. Коммунистік еңбек екпіндісі. Бірнеше мәрте Алматы қаласының аудандық, қалалық Халық кеңесіне депутат болып сайланған. Есімі «Кітап» өндірістік бірлестігінің құрмет кітабына және құрмет тақтасына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}