Ульданов Ғалым Аллаярұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ульданов Ғалым Аллаярұлы (15.2.1925, Ресей, Челябi облысы Нязепетровск ауданы Аптряково с. – 9.10.1999, Алматы қ.) – медицина ғылымының докторы (1969), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1983). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1958) бiтiрген соң осы институтта ассистент, доцент (1958–69), кафедра меңгерушісі (1974), Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры (1974–88) қызметтерін атқарған. 1968 ж. «Клиника поражений органа зрения на почве онхоцеркоза (по данным наблюдений в Западной Африке)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негiзгi ғылыми еңбектерi Қазақстанда офтальмологиялық қызметтi ұйымдастыру, көз хирургиясы мәселелерiне арналған. Ульдановтың басшылығымен көздi жанасу арқылы түзететiн және әрбiр адамның көзiне лайықтап жасалған жасанды көз қою лабораториясы ашылып, ол жаңа құралдармен жабдықталды. Ульданов зақымданған көзге пластикалық операция жасау тәсiлдерiн ұсынды. 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Халықтар достығы орденiмен марапатталған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ульданов Ғалым Аллаярұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}