Уильям Гарвей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:William Harvey-Foto.jpg
Гарвей Уильям

Гарвей (Harvey) Уильям (1578-1657 ж.ж.) — қазіргі кездегі физиология мен эмбриология ғылымдарының негізін қалаған ағылшын дәрігері.

Жұмыстары

Гарвей 1628 жылы жарық көрген "Жануарлар жүрегі мен қанның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу" атты еңбегінде жануарлар организмі қанайналымы жүйесінде үлкен қанайналым шеңберінің болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, ірі қан тамырлары — артериялар мен веналардың арасында, оларды өзара байланыстыратын тым жіңішке қан тамырларының болатындығы туралы болжам айтып, қанайналым ілімі туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасаған.

У. Гарвей 1651 жылы шыққан "Жануарлардың пайда болуы" деген еңбегінде "Omne vivum ex ovo", яғни "Барлық тіршілік тек жұмыртқадан" деген өз тұжырымын айтып, морфологияның эмбриология саласының қалыптасуына атсалысты.

1633 жылы У. Гарвей жануарлар эмбриологиясы жөніндегі ауқымды еңбегін жарыққа шығарды. Аталған ғылыми көзқарастары үшін У. Гарвей Галеннің кезінен бері қалыптасқан ғылыми тұрғыдағы замандас ғалымдар мен шіркеу қызметкерлерінен көп қудалау көрді.

Медицинаға қосқан үлесі

Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйық екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref> <ref>Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Уильям Гарвей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}