Уилсон ауруы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру

Вильсон — Коновалов ауруы (Үлгі:Lang-en) — орталық жүйке жүйесі және ішкі мүшелер ауруларына әкеліп соғатын мыс алмасуының туа біткен ақауы.

Эпидемиологиясы

Популяцияда орташа есеппен алғанда 3:100000 қатынасында кездеседі. Жақын туыстық некелер жиі кездесетін халықтарда көбірек кездеседі. Ер адамдар жиі ауырады. Дерттің алғашқы белгілері 11-25 жас аралығында көріне бастайды.

Генетика

Сурет:Autorecessive ru.svg
Вильсон ауруының тұқым қуалау типі.

Вильсон-Коновалов ауруының гені (ATP7B) - 13-і хромосоманың ұзын иығында орналасқан. Ген мысты өтке тасымалдап, церуллоплазмин құрамына еңгізетін АТФ-азаның Р-типін кодтайды <ref name=Ala>Үлгі:Cite journal</ref>. 10% жағдайда мутация анықталмайды<ref name=Merle2007>Үлгі:Cite journal</ref>.

Дерт аутосомалық-рецессивті типпен тұқым қуалайды.

Патогенез

Мыс ағзада көптеген қызметтерді атқарады. Көбінесе церулоплазмин, цитохром с-оксидаза, дофамин бета гидроксилаза, супероксиддисмутаза және тирозиназа сияқты және тағы басқа ферменттердің кофакторы болып табылады<ref name=deBie2007>Үлгі:Cite journal</ref>. Мыс ас қорыту жүйесінде сіңіріледі. Аш ішек жасушалары бетінде орналасқан тасымалдаушы ақуыз мысты жасуша ішіне тасымалдайды. Мыстың бір бөлігі металлотионеинмен тіркеседі, басқа бөлігі ATOX1 тасымалдаушы ақуызы арқылы Гольджи Аппаратына тасымалданады. Гольджи аппаратында мыс концентрациясының артуына жауап ретінде ATP7A (ағл. Copper-transporting ATPase 1) ферменті бұл элементті вена арқылы бауырға босатып шағарады. Бауыр жасушаларында ATP7B ақуызы мысты церуллоплазминмен тіркестіріп, қанға босатып шығарады. Сонымен қатар мыстың артық мөлшерін түзіліп жатқан өтпен бірге бөліп шығарады. Вильсон-Коновалов ауруы жағдайында ATP7B екі қызметі бұзылады. Мыс бауыр ұлпасында жиналады; церуллоплазминнің бөлінуі мыстың жеткіліксіздігімен ары қарай жалғаса береді (апоцерулоплазмин). Сондықтан церулоплазмин қан айналымында тез ыдырайды <ref name=deBie2007/>. Бауырда мыс оны тіркестіре алатын ақуыздар мөлшерінен артық жиналғанда, олар Фентон реакциясы барысында тотығып зақымданады. Ол бауырдың қабынуына, оның фиброзына және соныңда циррозға әкеліп соғады. Сонымен қатар церуллоплазминмен тіркеспеген мыс бауырдан қанға бөлініп шығады. Бұл бос мыс бүкіл ағзада тарап, тіндерде әсіресе бүйректе, көзде және мида жиналады. Мыстың жүйке жүйесі, бүйрек, бауыр ұлпаларында және көздің мөлдір қабығында жиналуы, мыс алмасуының бұзылуы патогенездің басты рөлін атқарады. Метаболизмнің бұзылуы церулоплазмин синтезі және оның қандағы концентрациясының төмендеуімен сипатталады. Церулоплазмин мысты ағзадан бөліп шығару процессіне қатысады. Бауырда ірітүйінді немесе аралас цирроз қалыптасады. Көздің десцемет қабықшасында мыстың шоғырлануы Кайзер-Флейшер сақинасының қалыптасуына әкеліп соғады.

Патологиялық анатомиясы

Мидың жасымық тәрізді ядросы жұмсарып кетеді. Мидың басқа түзілістері де зақымданады: құйрықты ядро, қыртыстың терең қабаттары, мишық, әсіресе тісті ядролар. Атрофиялық цирроз нәтижесінде бауыр мөлшері кішірейіп, оның сырты бұдырланады.

Клиникалық көрінісі

Бауырдың зақымдануы гепатомегалиямен, гемолитикалық анемиямен, тромбоцитопениямен, лейкопениямен сипатталатын созылмалы гепатит немесе цирроз ретінде өтеді. Сонымен қатар жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады (дизартрия, сілкекей ағуы, гиперкинез, бұлшықет тонусының артуы немесе паралич, атетоз, эпилепсиялық ұстау ). Зәр шығару жүйесі жағынан глюкозурия, аминоацидурия, фосфатурия, уратурия, протеинурия байқалады.

Диагностикасы

  • Кайзер-Флейшер сақинасы немесе оның сынықтары.
  • Қанда мыс мөлшерінің 100 мл-де 80 мкг-нан төмен түсуі.
  • Церулоплазмин концентрациясының 100 мл-де 20 мг-нан төмен түсуі.
  • Мыстың несеппен бірге тәулігіне 100 мкг-нан астам мөлшерде бөлініп шығуы.

Емі

Патогенетикалық ем мыстың ағзадан бөлініп шығуын арттыруға бағытталған. Ол үшін комплексондар қолданылады. Олардың ішінде пенициламин ең тиімдісі болып шықты. Оны күн сайын 1,5-2 г мөлшерінде үнемі қабылдап отыру керек. Пенициламинмне емдеу барысында науқастардың жағдайы жақсарып, кей кезде дерттің белгілері толығымен кетеді. Унитиолды пайдалану барысында қанағаттанарлық нәтижелер алынған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Болезни нервной системы под ред. Н. Н. Яхно, Д. Р. Шультмана, П. В. Мельничука. Москва «Медицина» 1995.
  • С. Д. Подымова. Болезни печени Руководство для врачей. Москва. Медицина, 1993 г.
  • Н. П. Шабалов — Детские болезни, СпБ, 2000, стр. 550
  • В. Л. Пайков, С. Б. Хацкель, Л. В. Эрман — Гастроэнтерология детского возраста, СпБ, 1998, стр.198-203
  • И. А. Иванова-Смоленская «Болезнь Вильсона-Коновалова» Журнал «Нервы», 2006, № 4

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер