Уақит Шәріпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәріпов Уақит (22.12.1915 жылы, бұрынғы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар — 18.2.1970, Алматы) — ғалым, техника ғылымы докторы (1963), профессоры (1965). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1940). 19401942 жылдарына Жезқазған кен-металлургия комбинатында ауысым, шахта бастығы, 19461947 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау бөлімінде кеңесші, бөлім бастығы, 19471970 жылдарына Қазақ Ғылым Академиясының Тау-кен ісі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, лабораториялық меңгерушісі болды. Шәріповтің негізгі ғылыми еңбектері тау-кен жұмыстарын автоматтандыру мен механикаландыру теориясына, кен қазуда өздігінен жүретін машиналарды кеңінен қолдану мәселелеріне арналған. 2 өнертабыстың авторы. КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). Ол 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}