Уахит Хамзаұлы Шалекенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.
700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография, оқу құралдарының авторы. «Қызыл Жұлдыз», 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Bio-stub