Төстік қақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төстік қақтау — аң терісін сыпырған соң, ақ ішек–қарнын ақтармалап тастап, төстігін, төс етегімен сылып алып, шыбықпен кереді де, тұздап, істікке шаншып, шоққа қақтайды. Майы еріп, отқа тамшылаған кезде лапылдап жалындайды. Төстік күйік шеке болып, еті қалың тұсы шала піспес үшін шоққа су сеуіп отыру қажет. Төстік – түз тағамы, оны сыртта, тым болмағанда, ауада даярлап жеген дұрыс. Төстікті көбіне терісімен сылып алып, жүнін үйтіп, тазалап алып қақтайды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер