Төреғали Төреəліұлы
Үлгі:Музыкант Төреғали Төреәліұлы Әлиханов (14 қазан 1992 жыл, Байқоңыр) — қазақстандық тинпоп жанрының әншісі.
Мазмұны
Өмірбаяны
Төреғали Төреәлі 1992 жылдың 14 қазан күні, Байқоңыр қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Ю. Гагарин атындағы 8-мектеп бітірген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011).
Төреғали Төреәлі мансабын айтыстарға қатысып бастаған. Айтысқа қатысуының басталғанына 4 жыл өткенде республикалық айтыстарда 4 темір тұлпар мінген.<ref name="qızıqtı" />
Эстрадаға көшкені досы Қайнар Алагөзовтің сөзіне жазылған сазгер Шымберген Сүлейменовтің "Іздеме" әнінен бастаған. Мансабында кейінірек орындаған әндердің үлкен бөлігі де Қайнар Алагөзов жазған әндер екені белгілі.<ref name="qızıqtı" />
Жеке өмірі
Төреғали Төреәлінің продюсері — әкесі Төреәлі Төлепов. Анасы Аягөз Төлепова — орыс тілі пәнінің ұстазы. Төреәліұлының Фариза және Дина есімді екі қарындасы бар.<ref name="qızıqtı">Үлгі:Cite web</ref>
Төреғали Төреәлі үйленген, екі қыздың әкесі болып келеді.
Сын
«Алло» әні жайлы дау
Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханмен бірге орындаған «Алло» әні екі әншінің танымалдылығына үлкен әсер етті.
Төреғали Төреәліұлының әкесі, әрі продюсері Төреәлі Төлепов Ерке Есмахан жайлы сыни пікір айтты:<ref name="qızıqtı" />
Төлеповтің осы даулы пікірі үшін Есмаханның сол кездегі продюсері Баян Мақсатқызы «Алло» әнінің фильм түріндегі жалғасын жасау жайлы жоспарларын бұзды, Есмаханға әнді орындауға тыйым салынды.<ref name="qızıqtı" />
Павлодардағы концерті
2017 жылдың 21 желтоқсан күні Төреәлінің Павлодардағы концерті кезінде «Ұнамай ма? Шығып кетіңіз» деген қарияға айтылған дөрекі сөзі үшін сынға алынды.<ref>Үлгі:Youtube</ref><ref name="qızıqtı" />
Павлодар облысының билігі Төреәліні концерттерге шақырудан бас тартатынын айтқан<ref>Үлгі:Cite web</ref> және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған қатысты шара қолданылатынын айтып кеткен, және Төреғалиді ісі үшін сынға алды.<ref name="qızıqtı" /><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2023 жылы сотталуы
2023 жылдың маусымында Төреғали Төреәліұлының есірткіге мас күйінде көлік жүргізуі және оның полициямен тоқтатылуы көрсетілген видео қоғам назарына түсті.<ref>Үлгі:Youtube</ref> Әншінің адвокаттары оның мас күйінде болғанын мойындамады, тек оның жол ережесін бұзғанын мойындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Инцидент нәтижесінде 14 маусым күні Төреғали Төреәлі қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
15 маусым күні Төреәлінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева өзінің Instagram парақшасында әншінің ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
16 маусым күні Төреәлінің 20 тәулік бойы изоляторда қамалуы және оған қарсы «билік өкілін қорлау (378-бап) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша» қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>