Төремұрат Тайлыбекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төремұрат Тайлыбекұлы (1821, қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы – 1863, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы) – белгілі батыр.
- Кіші жүздің таз руының жастабан тармағынан шыққан. Өтен, Нарынбай батырлардың үзеңгілес серігі болып, Ресей отаршыларына, түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда ержүректігімен аты шыққан. Қаһармандығы үшін таз руының ұранына айналған.
- Палуан, мерген, домбырашы ретінде де қадірленген. Түрмеден қашып шыққан ұлы күйші Құрманғазыны паналатып, қамқорлық көрсетеді.
- Біреуге айттырылып қойылған, сүйген қызы Данай сұлуға үйленгені үшін елден қудаланып, Хиуа жұртына кетуге мәжбүр болған. Түрікпен аламандарымен соғысып, Күйкен тауы маңында қаза тапқан. Бейіті сол жерде.
- Сүйінғара батыр Төремұраттың жерленген жеріне мазар тұрғызды.
- Төремұратқа Құрманғазы “Төремұрат”, “Тас астау, тас дере”, “Төремұраттың ақ арғымағы”, т.б. күйлерін арнаған.
- Халық ақындары шығармаларында Төремұрат есімі жиі кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтеме
<references />