Төрекелді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ТөрекелдіЖамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Төрекелді каналының бойында орналасқан ауыл. Алғаш 1950 жылы ауылда жібек құртын өсірген (шелкопряд) шаруашылық болған. Сондықтан да ауыл "Шелкотрест" деп аталған. Ауыл Шымкент облысына қарасты болған. 1990 жылдары жібек құртын өсіру өндірісі тоқтатылды. 1997 жылы ауылға Төрекелді (Төрегелді) атауы берілген. Байзақ датқаның үлкен ұлы Төрекелдінің есімімен қойылған.

Ауыл маңы

Осы ауылда "Араб төбе" деген төбе бар. Араб деген адам үлкен молда болған. Әр түрлі ауруларды емдеген. Кеңес уақытында 50-ші жылдары қуғанға үшырап, күндіз осы төбенің түбіне тығылып, түнде ауылға келіп, тамақтанып кетіп отырған. Сталин өлгеннен кейінгі уақытта Арабты қуғындау тоқтатылған. Осыдан бұл төбе "Араб төбе" деп аталып кетеді.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері