Төрежан Мәндібай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төрежан Мәндібай - 1937 жылы 18 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Сарытепсең» колхозында дүниеге келген. 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін тамамдаған. Ұзақ жылдар педагогтік қызмет атқарған.

Еңбектері

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері «Жас керуен», «Жібек жел», «Күлеміз бе, қайтеміз?» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1982 жылы «Сыпыртқы командасы», 1987 жылы «Оңай деймісің», 1997 жылы «Махаббат минөті», 2004 жылы «ҚазығүртҚорасан» атты сатиралық кітаптары жарық көрген. Шалқар ауданының Құрметті азаматы. Облыс әкімі әдеби сыйлығының иегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}