Төрегелді Тұяқбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұяқбаев Төрегелді1955 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, XXI партсъезд атындағы кеңшарда туған.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>.

 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Сол кезден бастап "Жалын" баспасында қызмет істеді. 

Төл шығармаларымен қатар, көркем аудармамен де айналысады. А.Лихановтың "Менің генералым" ("Күн түтылған күн"), О.Оразбердиеваның "Өмірімнің таңғы шағы", В.Лукшаның "Жарқырап жаз келді" атты кітаптарын аударған. "Қар адамы" поэмасы үшін "Жалын" баспасының үздік шығармаларға жариялаған конкурсының лауреаты атанды.

Тұяқбаева Базаркүл Жанетқызы— баспагер. 1935 жылды 3 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Орта мектепті 1954 жыл]ы бітіріп, 1959 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алды.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №89 мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, 1971 жылы "Мектеп" баспасына жұмыска ауысады. 20 жыл аға корректор болған. Осы жылдары баспа саласындағы еңбегі бағаланып, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}