Төребай Есқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төребай Есқожаұлы (1844 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы – 1911 жылы, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Шыбынды тауының маңы) – айтыс ақыны. Аталары КенесарыНаурызбай көтерілісіне қатысып, еліне қайта алмай, Жетісуда тұрақтап қалған. Жасынан өлең-жырды серік етіп, ақындық жолға түскен Төребай Сарамен, Мәйке қызбен айтысқан. Ш.Уәлиханов Жетісу жерінде қайтыс болғанда оған жоқтау шығарған. Төребай айтыстары көп томдық “Қазақ халық әдебиеті” жинағында (1988 жыл, 9-том) жарияланған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}