Төменгі Түпқараған бағдарлық шамшырағы
Үлгі:Ғимарат Төменгі Түпқараған бағдарлық шамшырағы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Баутин ауылының шығыс беткейі, Түпқараған шығанағының оңтүстік жағасында орналасқан.
Сипаты
Бағдарлық шамшырақ 1851 жылы кемелерге бағыт көрсету, бағдарлық жарық белгісін таныту үшін салынған. Бағдарлық шамшырақтың ғимарат жоспары шеңбер түрінде, диаметрі 18,7 м. Ғимарат 2 қабатты, оптикалық құралдарға арналған мұнарасы бар. Ірге тасы әкті-тас, ұлутастан лай балшықпен салынған. Цоколь қарапайым түрде ұлутастың сом тастарынан қаланған. Кейін сыланып, әк ертіндісімен ақталған, қасбеттік оңтүстік жағында тік жолақпен жарма сызық көрсетілген, қара майлы бояумен боялған. Қабат арасын ағаш, бөренелмен жапқан. Төбесі конус тәрізді. Құрлыстың бір ерекшелігі ағаш тор көзбен, суағары жақсы жасалған. Бірінші қабаттың терезелері ағаш, терезе ойықтары арка ұстатқышымен жасалған. Екінші қабаттағы терезе өлшемдері кіші, пішін ойықтары төрт бұрышты. Құрлыс аумағы - 573,9 м3, текшелік өлшемі - 2833 м.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>