Төлес мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Төлес мұнай кен орны - Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағасынан 20 км қашықтықта, Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан. 1947 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық құрылым тұрғысынан кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Тұз үстіндегі тау жыныстарының қимасындағы мұнайлылығы жоғарғы және төменгі кешендерге жіктелген юра шөгінділерімен байланысқан. Өнімді горизонттардың қалыңдығы 333-561 м.

Қанығуы, тығыздығы мен құрамы

Кен жинауыштары қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан шектелген, биіктігі 72-88 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 7,3 -20 м, су-мұнай жапсары 639 м. Мұнайының тығыздығы 0,852 – 0,917 г/см3, күкірті аз, парафині 0,65-1,34%. Суының құрамы хлорлы-кальцийлі, минералдылығы 175,5 г/л. Кен орны 1958 жылдан игерілуде. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер