Төлесін Нұрмағанбетұлы Әлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлиев Төлесін Нұрмағанбетұлы (1892, Форт-Шевченко қаласы – 1942, Алматы) – қазақ атты әскер бөлімдерін ұйымдастырушылардың бірі, полковник. Форттағы орыс-қазақ мектебінде (1901 – 05), кейін Мәскеудегі жұмысшы-шаруа коммунистік университетінің командирлер даярлайтын бөлімінде (1920) оқыған. Ресей үкіметінің маусым жарлығына ілініп (1916), Сарқамыс, Эрзерумда қара жұмыс істеген.<ref> «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> 1918 ж. Ә.Жангелдин экспед-н ұйымдастыруда айрықша қызмет еткен. 1919 ж. Торғайда ұйымдасқан қазақтың екі атты әскер эскадроны біреуінің және Төтенше комиссарды қорғаушы отрядтың командирі болды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Қызыл Армияның Шығыс майдандағы 5-армиясы құрамында шайқастарға қатысты. Ә. басқарған қазақ отряды 1919 ж. 19 қыркүйекте Ырғыздан ақтардың әскерін ығыстырып шығарды.<ref> «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> Ол 1920 ж. қазақтың 2-атты әскер полкінің қолбасшысы, Қазревкомының саяси қызметкері болды. 1922 жылдан бастап Маңғыстауда уездік ревком мүшесі, милиция бастығы, әскери комиссар, 1924 – 25 ж. Адай уездік партия комитетінің хатшысы, 1925 – 30 ж. Қазақстан ОАК төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР-і жұмысшы-шаруа инспекциясының халкомы, республикалық «Қосшы» одағының төрағасы, Қарақалпақ автономиясы облысының, Шымкент, Алматы қалаларының әскери комиссары, Өлкелік әскери комиссариаттың жауапты қызметкері міндеттерін атқарды. 1931 – 33 ж. қазақтың ұлттық атты әскер полкін құрып, өзі басшылық етті, командирлер курсын ашты. 1935 – 37 ж. Маңғыстау ауаткомының төрағасы, 1938 – 41 ж. Қазақстан Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлесін Нұрмағанбетұлы Әлиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}