Төленді Нұрмұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төленді Нұрмұхамедов (1936-1979) - Алматы қаласында туған. Еңбек жолын Талдықорған облысы, «Сарыбұлақ» совхозында бақташы, есепші болудан бастады. Талдықорғанның ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Халық депутаттары Іле аудандық кеңесі атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, халық депутаттары Талғар аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Іле аудандық комитетінің нұсқаушысы болып істеді. Іле ауданындағы «Қазақ КСР-інің 40 жылдығы» атындағы колхоздың, партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясының Кегей аудандық комитетінің хатшысы болып сайланды. 1965 жылы КОКП Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебін сырттай аяқтады. Өмірінің соңғы жылдары республикалық «Ара» журналының бөлім меңгерушісі қызметінде болды.

Шығармалары

Шырмауық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Күн мен көлеңке. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Тоқ етерін айтқанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Көкемарал. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Жомарт жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Серпін. Өлеңдер, толғаулар, мысал-сықақтар. А., «Жазушы», 1977.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}