Төлеген Әлтайұлы Жұмабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биографиясы

Жұмабеков Төлеген Әлтайұлы (13.8.1938 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1991), профессор (1993). 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеу педиатрия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1970) бітірген. 1964 – 67 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Энгельс учаскелік ауруханасының бас дәрігері, ауданның бас хирургі (1967) болып жұмыс істеді. 1970 – 88 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, доценті, 1988 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының балалар анестезиологиясы-реаниматологиясы және хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Жұмабековтің негізгі ғылыми еңбектері балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын зерттеуге арналған. Ол балалардың басы жарылып, миы зақымданған кезде және ауыр жарақаттан кейін бүйректің қалыпты жағдайда қызмет атқаруын интенсивті терапиямен емдеудің ұтымды тәсілдерін ұсынды. Балалардың өкпе ауруын емдегенде, олардың қанын ультракүлгін сәуледен өткізіп, өздеріне қайта құюдың тиімді екенін дәлелдеді. Жұмабеков республикадағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы дамуына елеулі үлес қосты.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Наградалары

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999).

Шығармалар

  • Реанимация и интенсивная терапия. В кн.: Тяжелая черепно-мозговая травма у детей, Л., 1982 (соавт.);
  • Применение реинфузии ультрафиолетом облученной собственной крови в детской пульмонологической практике (Материалы 2-го Международного конгресса пульмонологов Центральной Азии), А., 1996.

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлеген Әлтайұлы Жұмабеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}