Төлеген Қаратайұлы Бәстенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Төлеген Қаратайұлы Бәстенов 1951 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Қашыр ауданының Бекмұрат аулында туған.

Қызыләскер ауыл шаруашылық техникумын (1975); Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірген (1982), инженер-механик.

1975 жылдан - Павлодар облысы Ермак ауданының «Ленин жолы» мал семірту кеңшарының автогараж механигі, ауыл шаруашылық машиналары жөніндегі инженер-механигі. 1979 жылдан - Ермак аудандық ауыл шаруашылық басқармасының оқу комбинаты директорының орынбасары. 1982 жылдан - «Павлодарбалық» бірлестігі бастығының орынбасары; 1986 жылдан - бастығы, «Павлодарбалықөнеркәсіп» АҚ бас директоры. 1997 жылдан - СҚО әкімінің көмекшісі, әкім аппаратының іс басқарушысы, аппарат басшысының орынбасары. 2000 жылдан - ҚР Президентінің Күзет қызметінің «Сардар» РМК директоры. 2002 жылдан - «Альтаир» ЖШС (Астана қ.) бас директоры. 2003 жылдан - Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі. 2006 жылдан - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың қазанынан бері - Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі.

«Құрмет» орденімен (2005), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub