Төлеген Аршанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеген Аршанов (1888, Жаңақала ауданы, Жиделі ауылы — 1965, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы) — күйші. Әкесі Тасмағамбеттің үйретуімен 6 жасынан домбыра тартқан. Мөтен, Сейтек, Дина, т.б. атақты өнерпаздармен кездесіп, күй үйренген. Еңбек жолын Бекетай ауылдық кеңесінің хатшысы ретінде бастаған ол Жаңақала, Жәнібек ауданының халық театрларыңда домбырашы болған. 1934 ж. А. Жұбановтың шақыруымен Алматыға барып, Құрманғазының күйлерін үнтаспаға жаздырған. Аршанов — белгілі күйші О. Қабиғожинның ұстазы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Пайдаланған әдебиттер

<references> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}