Тәшенов Жұмабай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәшенов Жұмабай (1925-1994)— Қарақалпақ АССР-і, Нокіс ауданына карасты Жданов атындағы кеңшарда туған. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. Өзбекстан Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік журналистика институты ның тарих факультетін және Қарақалпақ кеңес әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.

Қарақалпақ АССР Жазушьшар одағында драматургия секциясының меңгерушісі, "Қызыл Қарақалпақстан" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редакторы, Қазақстан Жазушьшар одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алғашқы өлеңдері баспасөз бетінде 40-шы жылдың басынан жариялана бастаған. Содан бергі уақыт ішінде оның қарақалпақ, қазақ, өзбек, орыс тілдерінде ондаған өлең, әңгіме, повестер жинағы, бірнеше драмалық шығармалары, көркем фильм сценарийлері дүниеге келді. Ж.Тәшеновтің сценарийі бойынша "Қазақфильм" киностудиясы "Ана туралы аңыз" көркем фильмін (А.Сацкиймен бірігіп жазған), "Тәжікфильм" киностудиясы "Қашқын" телевизиялық фильмін түсірген.


Пушкин мен Лермонтовтың кейбір өлеңдерін, Некрасовтың "Русьте кімдер жақсы тұрады?" поэмасын (Т.Сейтжановпен бірігіп), А.Фадеевтің "Жас гвардия" романын, В.Катаевтың "Полк баласы" повесін, т.б. шығармаларды қарақалпақ тіліне, К.Рахмановтың "Келін" атты комедиясын қазақ тіліне аударған.

Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Әскери ерлігі үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет Грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}