Тәуке Әнесұлы Алтынбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәуке Әнесұлы Алтынбеков - 1948 жылы 10 наурызда Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі стансасында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1969) инжөнер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1983), докторы (1997). Доцент (1985). «Құрылыстардың технологиясы және оларды ұйымдастыру» атты кітаптың (1979), «Индустриялық құрылысты сәулет-құрылыс жобалау және оның технологиясы» атты монографияның (1983), құрылыс үдерістерінің технологиялары, құрылысты ұйымдастыру және жобаларды басқару жөніндегі 50-ден астам мақала мен жарияланымның авторы.

  • 1969-1979 жылдары - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының оқытушысы, деканының орынбасары.
  • 1980-1992 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институтының доценті, деканының орынбасары, аға ғылыми қызметкері.
  • 1993 жылдан - «Қазшетелсауда» республикалық бірлестігінің бас маманы.
  • 1995 жылдан - «Құрылысинвест» өндірістік-құрылыс фирмасының директоры.
  • 1997-1998 жылдары - «Қазақшетелсауда» республикалық бірлестігі бас директорының орынбасары.
  • 1997 жылдан - «Алматыжелэнергия» аймақтық жел-энергия компаниясының бас директоры.
  • 1999 жылдан - «Астана халықаралық әуежайы» БК бас инженері, дирекция директорының міндетін атқарушы, жобаның бас менеджері.
  • 2006 жылдан - «ТЕК» Қазинвест» СЭК техникалық директоры.
  • 2008 жылдан бері - «Көксай-Мұзбел» ЖШС бас директоры. «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалімен (2008), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының Құрмет грамотасымен (1976) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2005) аталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub