Тәуекелшілдік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәуекелшілдік Тәуекел (Үлгі:Lang-arүміттену, арқа сүйеу) – алға қойған мақсатына берік сеніммен ұмтылу. Тәуекелшілдік адамның өз мақсатының хақтығына деген сенімінен бастау алып, бастаған ісінің нәтижелі болуына Құдайдың жәрдемі болады деген үміттен тұрады. Тәуекелшілдік ұғымының өз еркін Құдай еркіне толық билеттім деген сеніммен, ертеңгі күннің қамын ойлаудан бас тарту деген мағынасы да бар. Тәуекелшілдік сопылық мақамының атауы ретінде, тақуа адамның рухани жолдағы түп мақсатынан бас тартпай, қандай қиындыққа болсын мойымай төзуі, болашақтан үмітін тек Аллаға артуы деген мағынасы болған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Тәуекел түбі – жел қайық жүзесің де өтесің” деген мәтелге орайлас түсініктің қалыптасуы Тәуекелшілдік ұғымының осы түп мағынасынан алшақ кетпегенін көрсетеді. Тәуекелшілдік үлкен сенімнен бастау алғанда ғана адамгершілік қасиетке айналады. Тәуекелшілдік берік адамның жолындағы кездескен қандай да бір қиындық ол адамды күйзелтпей, қайта жігерін шыңдай түседі. Ал адам ықтималдыққа ғана сеніп, әрбір нәтижесі айқын емес мақсатқа ұмтылуын тәуекелшілдікпен шатастыруға болмайды. Себебі, тәуекелшілдіктің алғышарты ретіндегі мақсаттың айқындығы мен ақиқатқа сенім болмайынша, адамның әрекеті толықтай мән-мағынаға ие бола алмайды. Ықтималдыққа ғана үміт артқан адамның жолында кездескен қиындық оның жан дүниесінің күйзеліске ұрынып, тіптен рухани дағдарысқа түсуіне, болашаққа деген үмітінің жоғалуына әкелуі мүмкін. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub