Тәттібай Есімбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәттібай Есімбекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр. Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен андастан тарайтын төртінші ұрпақ. Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тәттібай жоңғар басқыншылығына қарсы соғысқа 12 жасында қатысып, ерекше ерлік көрсеткен. Бұл ерлігі Сара Тастанбекқызының “Қош бол, елім” атты өлеңінде бейнеленеді. Тәттібайдың үш ұлы – Түйте, Қаңтарбай, Қарынбайдан тараған ұрпақтары негізінен Алматы облысы Көксу, Қаратал аудандарында тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}hi:ताजिक ko:타지크족