Тәржіма Шаһнама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәржіма ШаһнамаФердоусиШаһнамасының” түркіше аудармасы. Аударған – Хұсейін Хасан Мұхаммед әл-Хорезми. Ол сұлтан Чемнің жұмсауымен Мысырға барып, онда “Шаһнаманы” аударған, еңбекті Кансух Гури сұлтанға тарту еткен. Аударманың қолжазбасы 1511 жылдың наурыз айында Каирде жазылып біткен. Поляк түркітанушысы А.Зайончковский “Тәржіма Шаһнама” 1965 ж. Варшавада бастырып шығарған. Бұл басылған нұсқада араб әліпбиімен жазылған “Шаһнаманың” фотокөшірмесі және мәтіннің латынша транскрипциясы бар. Зерттеуші Ә.Құрышжанұлы еңбек жайында “Ескерткіш ескі осман тілінің тарихы үшін аса бағалы мұра бола тұра, көне қыпшақ тілі мен Алтын Орда, Хорезм халықтарының мәдени тарихы үшін де маңызы аз емес” дейді. Қолжазба Түркиядағы Топқапы сарайында сақтаулы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}hi:ताजिक ko:타지크족