Тәждин Садықұлы Қодаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәждин Садықұлы Қодаров (1917, Ақжарма ауылы – 6.2.2006, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы) – дәрігер. Қызылорда медицина училищесін бітірген (1945). Әкесі Садық Қодарұлы (1860 – 1937) елге танымал діни емші болған. Қодаров ескіше білім алған. 1937 – 41 жылы Қармақшы ауданында жүргізуші болып істейді. 1941 – 45 жылы 2-дүниежүзілік соғыста Москва, Ленинград қалаларын қорғау ұрыстарына қатысады. 1945 – 85 жыды дәрігерлік қызмет атқарды. Түрлі шөптерден дәрі жасап, ауруларды емдеген. 1990 жылдары Ақжарма ауданындағы мешітте имам болып, жұртшылықты имандылыққа баулыған. КСРО және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық саласының үздігі» белгісін иеленген. 1 – 2-дәрежелі «Даңқ», Қызыл жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және облыс Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәждин Садықұлы Қодаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}