Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұқым қуалаушылықты зерттеудегі гибридологиялық әдісті дұрыс қолдана білді. Екіншіден, будандастыруға алынған өсімдіктердің барлық белгілерін емес, жеке белгілердің тұқым қуалауын қадағалап, есепке алып отырды. Үшіншіден, тәжірибеге өте ыңғайлы өсімдікті тандап алды: баубұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан, айқас тозаңдануы сирек кездеседі. Мендель барлық ас бұршақ өсімдігінің 34 сортының ішінен бұршақтың 22 сортын таңдап алып, олардың көзге айқын түсетін жеті жұп белгісі бойынша шағылыстыру жүргізді. Оған: тұқымның түсі мен пішіні, сабақтың биіктігі мен аласалығы, гүлінің орналасуы мен реңі, жемісінің түсі мен пішіні жатады. Мендель будандастыруға алған бұршақ сорттарын бірнеше жыл бойы егіп, белгілердің ұрпаққа берілуі тұрақты екеніне көзі жеткеннен кейін будандастыруға қатыстырды.

Моногибридті будандастыру

Гибридологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі — моногибридтік будандастыру қолданады. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналар дараларын будандастыруды моногибридтік будандастыру деп атайды. Бұл будандастыруда аллельдік гендерге байланысты тек бір ғана белгілердің тұқым куалау заңдылықтары зерттеледі. Ата-аналарындағы және ұрпақтарындағы барлық баска белгілер есепке алынбайды. Г.Мендель тәжірибелерінің бірінде гүлінің түсі қан қызыл және гүлінің түсі ақ бұршақ өсімдігінің екі сортын алған. Аналық ретінде алған қан қызыл гүлді бұршақ сортын, гүлі ақ түсті бұршақ өсімдігінің тозаңымен қолдан тозаңдандырғанда, бірінші ұрпақтағы (Ft) барлық будан өсімдіктердің гүлі қан қызыл болған, яғни фенотип бойынша — біркелкі.

Будандастыруға алынған ата-аналық даралар гомозиготалы болғандықтан, мейоздың бөлінуде бір типті (А және а) гаметалар түзіледі. Осы гаметалардың үйлесуінен пайда болған бірінші ұрпақ (F1) өсімдіктерінің генотипі гетерозиготалы, ал фенотипі бойынша қан қызыл. Осыған ұқсас құбылыс Мендельдің баска тәжірибелерінде де кездескен. Мысалы, тұқымы тегіс өсімдікті тұқымы бұдыр өсімдікпен будандастырғанда, бірінші ұрпақтағы өсімдіктердің тұқымы тегіс болған. Тұқымының түсі сары бұршақ өсімдігін, тұқымы жасыл бұршақ өсімдігімен будандастырғанда, F1 ұрпағының барлығының тұқымы сары түсті болған. Сонымен, Г. Мендель өз тәжірибелерін талдай келе, бірінші ұрпақта көрінетін белгіні доминантты деп атады. Олар латын алфавитінің үлкен әріптерімен (A, В, С...) белгіленді. Ал бірінші ұрпакта тұншығып білінбеген белгіні рецессивті деп атады. Олар кіші әріптермен (a, b, с...) белгіленді. Бұл байқалған заңдылыкты Г. Мендель "Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі" деп атады. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі егер ата-аналардың генотипі гомозиготалы болса ғана сақталады. Бұл құбылысты кейде басымдылық заңы немесе Мендельдің бірінші заңы деп атайды.

Белгілердің ажырау заңы

Бірінші ұрпа будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандыру арқылы, екінші ұрпақ будандарын алады. Екінші ұрпақ өсімдіктерінің біреулерінің гүлдері қан қызыл, екіншілерінікі ақ болады немесе екінші ұрпақта доминантты белгілері бар өсімдіктермен қатар рецессивті белгілері бар өсімдіктер де кездеседі. Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне тән белгілердің (доминантты және рецессивті) көрініс беру заңдылығын белгілердің ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы деп атаған. Мысалы, Мендельдің тәжірибелерінде екінші ұрпақта алынған 929 өсімдіктің 705-і қан қызыл түсті гүлді, ал 224-і ақ түсті гүлді болды. Екінші ұрпақтағы 8023 бұршақ тұқымының 6022-сі сары және 2001-і жасыл түсті, ал тұқымының пішіні бойынша жүргізілген тәжірибеде алынған 7324 тұқымның 5474-і тегіс және 1850 бұдыр болып келген.

Тәжірибелерде алынған нақты мәліметтерді талқылай келе, Мендель мынадай қорытындыға келді. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау жиілігі, белгілі бір сандық ара-қатынасында жүреді, доминантты белгілер 75%-ын құраса, рецессивті белгілер 25%-ын құрайды немесе 3:1 қатынасына тең болып өзгереді. Сонда екінші ұрпақта алынған барлық өсімдіктердің 3/4-і қан қызыл гүлді де, 1/4-і ақ гүлді болып шығады. Будандастыруға алынған F1 ұрпақ будандары гетерозиготалы болғандықтан, мейозда гаметалардың екі типі түзіледі. Бір гаметада А гені болса, екіншісінде а гені болады. Бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңдану нәтижесінде мынадай генотиптер түзеді: АА, Аа, аа. Сонымен екінші ұрпақта белгілердің ажырауы: фенотип бойынша, 3:1, ал генотип бойынша 1:2:1-ге тең болады.

Мейоздың редукциялық бөлінуінің нәтижесінде жаңа түзілген жасушаларда хромосома саны гаплоидті жиынтыққа ие болады. Мұндай жасушаларда гомологті хромосомалардың тек біреуі ғана қатысады. Кейіннен осы жасушалардан гаметалар түзіледі. Гаплоидті гаметалардың қосылуынан диплоидті зиготалар пайда болады. Ұрықтану нәтижесінде 4 түрлі зигота АА+2Аа+аа түзіледі.

Төжірибеде Аа гетерозиготалы гүлдің түсі қан қызыл болғандықтан, F2-де белгілердің ажырауы 3/4 қан қызыл: 1/4 ақ арақатынасына тең. Ал генотипі АА қан қызыл өсімдіктерді және генотипі аа ақ гүлді өсімдіктерді өздігінен тозандандырғанда, ылғи да гүлі қан қызыл және ақ өсімдіктер аламыз. Сонымен будан өсімдіктер белгілерінің ажырауы — олардың генотипінде бір белгіні бақылайтын (гүлдің бояуы) екі геннің (А жәнө а) болуына байланысты екен.<ref>Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub