Тұқым дәрілеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұқым дәрілеу - себілетін (отырғызылатын) материалды ішкі және сыртқы өсімдік ауруларынан, егістікке себілген тұқымды және көктеп шыққан өскінді топырақ зиянкестері мен ауру таратушы микроорганизмдерден қорғау үшін химикалық заттармен зарарсыздандыру. Жүйелі тұқым дәрілеу кезінде бірқатар зиянкестер мен ауру қоздырғыштары жойылады. Тұқым дәрілеу сонымен қатар тұқымның өнгіштігін, көктеп шығуын тездетеді. Тұқым дәрілеу құрғақ, жартылай құрғақ, сулы, ылғалды болып бөлінеді. Құрғақ тұқым дәрілеуде ұнтақ түріндегі Пестицидтермен дәрілейді. Жартылай құрғақ тұқым дәрілеуде тұқым пестицидтің судағы ерітіндісімен өңделеді (1 т тұқымға 20 – 30 л дәрі бүркіп, дәрі бойына сіңгенше бетін жауып қояды). Сулы тұқым дәрілеуде ұнтақтың сулы ерітіндісін бүркіп шашады да, бұқтырғаннан кейін кептіреді. Ылғалды тұқым дәрілеуде тұқымдық дәнді дәрілеуші машиналарда сұйық дәрілермен өңдейді. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымы себілгенге дейін әр түрлі мерзімде дәріленеді. Ең тиімдісі тұқымды себерден, көшетті отырғызардан 2 – 3 ай бұрын немесе одан да ертерек дәрілеу. Тұқым дәрілеу үшін тұрғын жайлар мен мал қораларынан, ішуге жарамды су көздерінен 200 м қашықтықта болатын ашық немесе төбесі жабылған алаңқай алынады. Тұқым дәрілеумен айналысатын жұмысшыларға арнайы киім беріліп, олар қауіпсіздік техникасын сақтауы керек.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұқым дәрілеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}