Тұяқов Есенгелді Жұмағұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұяқов Есенгелді Жумақұлұлы. 1948 жылы 11 қарашада Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Тұяқов Жұмақұл. Анасы - Тұяқова Мәлике Нұрланқызы. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің декорация (безөндіру) факультетін (1972) декоратор-суретші мамандығы бойынша; М. Горький атындағы Мәскеу көркемөнер академиялық театры жанындағы Немирович-Данченко атындағы Мектеп-студиясының қоюшы суретшілік факультетін (1977) сахна суретшісі-технологы мамандығы бойынша бітірген. Қысқа терминологиялық сөздіктің авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1969-1971 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдан - К. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының қоюшы суретшісі. 1978 жылдан - Алматы мемлекеттік театр және көркемөнер институтының оқытушысы. 1978 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас суретшісі - «Кен Сахна» ЖШС директоры. 200-ге жуық көркемдік-қоюшылық жұмыстарының авторы: М. Әуезовтің «Қарагөз», «Абай», «Айман - Шолпан»; Ш.Айтматовтың «Ақ кеме»; Ғ. Мүсреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Махаббат әні»; Н.В. Гогольдің «Ревизор»; Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат»; Б.Муқайдың «Бойдақтар»; У. Шекспирдің «Гамлет»; Г. Гориннің «Геростратты Ұмыту», Ә. Кекілбаевтің «Абылай хан», К. Балнұрдың «Қалқаман-Мамыр», Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» қойылымдары. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының (Астана қаласы), С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының т.б. сахналық алаңдарын безендірген. Орталық Азия ойындарының бас сурөтшісі (1996). Астана қаласының ашылуына арналған шаралардың, салтанатты концерттердің, Астана қаласының және ҚР басқа қалаларының концерттік залдары мен сахналарының қоюшы-суретшісі. Чехословакия, Грекия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық, одақтық және республикалық сахна безендіру көрмелерінің қатысушысы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Театр қайраткерлері одағы төралқасының мүшесі. ҚР Суретшілер одағы басқармасының хатшысы. «Құрмет» орденімен (2009), КСРО ХШЖК сахнасуреттеу саласындағы күміс медалімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1991). Моңғолия Еңбек сіңірген қайраткері. Саяси қайраткер ретіндөгі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу, саяси тұрақтылық, әлем халықтарының әлеуметтік өмірінің жақсаруы». Сүйіп оқитын әдебиеті - драмалық шығармалар, классика. Үйленген. Жұбайы - Тұяқова Гүлшарын Мұсақызы (1949 жылы туған). Қызы - Тұяқова Рауана (1977 жылы туған); Ұлы - Тұяқов Ерлан (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub