Тұтқыш сиымдылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұтқыш сиымдылығы Тұтқыш көлеміндегі жинауыш тау жыныстарына тән қуыс кеңістіктердің қойнауқаттық жағдайда мүнай (газ) массаларымен тоғытылуына қабілетті көлемі. Мұнаймен (газбен) тоғытылған тұтқыш сиымдылығының сандық мөлшері жинауыштағы бір-бірімен байланысы бар қуыстар көлемінен қалдық су көлемін шегергендегі шамаға тең. Мұнаймен тоғытылған тұтқыш сиымдылығы тұрақты мөлшермен сипатталады, себебі бұл шама қойнауқаттық жағдайлардың ерекшеліктеріне тәуелді емес. Газбен тоғытылған тұтқыш сиымдылығының мөлшері қысым көрсеткіші өскен сайын өсе түседі де, температура өскен сайын кеми түседі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}