Тұтыну қоры
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұтыну қоры – ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың (фирмалардың, мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлеріне тікелей және жанама түрде төленетін төлемдердің жиынтығы. Оған барлық қызметкерлерге еңбекақы төлеуге есептелген сома, еңбек ұжымы мүшелерінің акциялары және кәсіпорын мүлкіне салымдары бойынша алынатын табыс (дивиденд, пайыз), кәсіпорын беретін еңбек жеңілдіктері мен әлеум. жеңілдіктердің сомасы енгізіледі.
<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Дереккөздер
<references/>