Тұрғызба (Жем ауылдық округі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ТұрғызбаАтырау облысы, Жылыой ауданындағы ауыл, Жем ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Жем өзенінің сол жағасында орналасқан<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>.

Тарихы

Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланып, ұжым мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1963 жылы осы маңдағы ұсақ ұжымшарлар негізінде “Ембі”(Жем) қаракөл қой кеңшары құрылды. 1996 жылдан кеңшар негізінде Тұрғызбада шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Алғашқыда кішігірім мекен болған бұл жерге кейін үйлер көптеп салынып, үлкен колхоз орталығына айналған<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>.

Инфрақұрылымы

Бүгінгі күнде бұнда бір мешіт, М.Әуезов атындағы №4 мектеп, бір емхана және әкімшілік халыққа өз қызметін көрсетеді<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>.

Ауыл тұрғындарының аз бөлігі ғана ауыл шаруашылығмен күн көреді. Көпшілігі жақын маңда орналасқан ТШО компаниясында қызмет атқарады.

Халқы

2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 2846 адам тұрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Жылыой ауданы елді мекендері