Тұрғанбай Маханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұрғанбай Маханов (27.3. 1939 жылы туған, Сырдария ауданы) – дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ақтөбе медицина институтын бітірген (1963). Еңбек жолын Жалағаш ауданындағы орталық ауруханада дәрігер-хирург болып бастаған. 1965 – 76 жылдары облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, облыстық аурухананың травматология бөлімшесінің травматологі, 1976 – 98 жылдары облыстық аурухананың бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Облыстық медицина орталығының директоры (1998 – 2003) қызметтерін атқарған. Облыстық медицина орталығының «Құрметті директоры» (2005). Оның бастамасымен облыстық диагностикалық орталық салынған (1992). Маханов 30-дан астам ғылыми жұмыстың, 1 монографияның авторы. Оның басшылығымен облыс және ҚР дәрігерлерінің 5 ғылыми жинағы жарық көрді. Бірнеше рет қалалық және облыстық Кеңестің депутаты, КСРО халық депутаты (1989) болып сайланды. «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, «Денсаулық сақтау үздігі», Облыстың құрметті қайраткері» белгілерімен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала