Тұрысжан Айнақұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрысжан Айнақұлов (24.11.1933, Жамбыл ауданы, Жанкелдин ауылы - 9.2.1997, Қызылорда қаласы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1967).


1956 ж. Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1950-1952 ж. Еңбекшіқазақ ауданы театрында, 1956-1960 ж. Талдықорған, 1960-1990 ж. Қызылорда облыс драма театрларында актер болған.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref> Ол 100-ден аса сахналық бейнелер жасады. Оның ішінде: Қозы, Қарабай Сердәлі, Хазірет (Ғ. Мүсірепов, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында», «Ақан сері – Ақтоқты»), Алексей (В. Вишневский, «Оптимистік трагедия»), Тузенбах (А.Чехов, «Апалы-сіңілі үш қыз») т.б. рөлдерді сәтті орындады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub