Тұрсын Әбуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсын Әбуов(1936 жылы туған) – кескіндемеші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998).

Өмірбаяны

1964 жылы Н. В. Гоголь атынд. Алматы көркем-сурет уч-щесін (қазіргі О. Таңсықбаев атынд. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін), 1976 ж. Абай атынд. Қазақпед. ин-тын (қазіргі Абай атынд. АлМУ-ді) бітірген.

Шығармалары

Т.Бигелдиновтің, Ш.Құдайбердиевтің, К.Әзірбаевтың, Қ.Рахимованың портреттері, Балалық шақты еске алу, Қой қырқу, Жүзім жинау атты тақырыптық кескіндемелері бар.

Оның туындыларына ұяң бояулар, шытырман иірімдер, айқын кескін-келбет тән. Ә-тің ұлттық бояуға бай натюрморттары, Т. Бегелдиновтің, Ш. Іұдайбердиевтің, К. Әзербаевтің, І. Рахимованың портреттері, “Тың туралы”, “Қазақстанның 70 жылдығына ” триптихтары, “Балалық шақты еске алу”, “Қой қырқу”, “Жүзім жинау” сияқты тақырыптық кескіндемелері көптеген көрмелерге қойылып, шет елдерге таныс болған. Ә. еңбектері Қазақстан мемл. музейінде, Президент сарайында, Ресей, Америка, Германия, Жапония, Оңт. Корея, Түркия елдерінде сақтаулы.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Сәндібаева Гүлия, үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Сәуле (1962 жылы туған ), Айжан (1971 жылы туған );ұлдары - Бақытжан (1963 жылы туған ), Серік (1968 жылы туған ). 7 немересі, бір шөбересі бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub