Тұрсын Балапанов
Үлгі:Otheruses Балапанов Тұрсын (1914, қазіргі Сырдария ауданы Далакөл ауыл округы - 13.1.1978, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы) - еңбек ардагері. Еңбек жолын Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) МТС-нда тракторшының көмекшісі болып бастаған. 1936 жылы Сұлутөбедегі механизаторлар курсын бітірген. 1936 - 45 жылы Аламесек МТС-нда бригадир, шеберхана меңгерушісі, бөлімше механигі, ал 1945 - 53 жылы аға механик қызметтерін атқарды. 1953 - 78 жылы қазіргі Ақжарма ауылында күріш өсірушілер звеносының жетекшісі болған. Ол күріш өсіруде Ы.Жақаевтың іс-тәжірибесін насихаттап, егіншілік мәдениеті мен мол өнім алу саласында көп еңбек еткен. Б. «Ленин», «Октябрь революциясы» ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған. Балапановтың өмір жолы А.Тоқмағанбетовтің «Мұзбалақ» поэмасына арқау болған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> Ақжарма ауылында көше атауы берілген.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>